|
20.08.2007 жылғы № 2447 келісімшартқа сәйкес Қарағанды облысындағы Коунрад кенішінің техногендік минералдық түзілімдерінен (үйінділерінен) мыс өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы болып табылады.
«Сары Казна» жшс
Мыс өндіру 1934-1992 жылдар аралығында салынған Коунрад кен орнының аршылған жыныстары мен баланстан тыс кендерінің үйінділерінен жүргізіледі.

2013 жылы жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша ҚР МКЗ – да С1 санаты бойынша 587,2 мың тонна мыс қоры бағаланып, бекітілді.
Қазақстанда бірінші болып үйінді сілтісіздендіру әдісімен техногендік минералдық түзілімдерден мыс өндіруді табысты жүзеге асыруда.
Түпкілікті өнімі "Медная компания Коунрад" ЖШС-нің селективті экстракция және электролиз (SX-EW) әдісімен катодты мыс өндіру зауытына өткізетін өнімді ерітіндідегі мыс болып табылады.
негізгі ұйымы
Өз қызметін Орталық Қазақстанда жүзеге асыратын "Медная компания Коунрад" ЖШС-нің бас компаниясы Central Asia Metals PLC (CAML) болып табылады
тұрақты даму бағдарламасы аясында
CAML PLC тобының компаниясы бола отырып, "Сары Казна" ЖШС өз қызметінде саясатты басшылыққа алады
есептер
«Коунрад» корпоративтік қорын 2017 жылы екі компания – "Сары Казна" ЖШС және "Медная компания Коунрад" ЖШС құрды.

«Коунрад» корпоративтік қорын (бұдан әрі – Қор) қаржыландырудың негізгі бағыты Балқаш қаласы, Қоңырат шағын ауданы және оған іргелес аудандар шегінде жергілікті қоғамдастық пен қоршаған ортаны тұрақты дамытуға бағытталған.
қор туралы
соңғы есептер
соңғы есептер
Балқаш қаласы, Жүніс Әбуғалиев к-сі, 4 No2 бизнес орталығы